Қазақ салт-дәстүрінің ішінде әлі күнге дейін қолданысқа ие болып, ескірмей келе жатқан салттың бірі – бата беру.
Бата беру дәстүрі – тәрбиенің бастауы. Наурыз мейрамы қарасында аудандық мәдениет үйінде бата беру дәстүрін дәріптеу, батаның тәрбиелік мәнін насихаттау, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында аудандық «Батагөй» байқауы өткізілді.…