2025 жылдың 7 ақпанынан бастап Жетісу облысының жолдарындағы 15 бекетте орнатылып «Видар» автоматтық тіркеу жүйелері іске қосылады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
«Видар» жүйесі жылдамдықты шектен асыру, жол белгілері мен жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде тіркейді. Бірақ әрбір жайтты уәкілетті қызметкер тексеріп, электрондық цифрлық қолтаңбамен растайды.
Жетісу облысы Полиция департаментіні мұндай технологияларды енгізу барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, бұл шаралар жолдардағы қоғамдық тәртіпті жақсартуға және жүргізушілердің жауапкершілік деңгейін арттыруға септігін тигізеді.
Жетісу облысы бойынша «ВИДАР» АТЖ орнату орындары
1. Алматы-Өскемен 258 км, Пригородное ауылы, жаяу жүргіншілер өткелі, жылдамдықты шектеу 40 км/сағ;
2. Алматы-Өскемен 267 км, Үйтас с/ж, жаяу жүргіншілер өткелі, жылдамдықты шектеу 60 км/сағ;
3. Алматы-Өскемен 141 км, Арқарлы асуы, жылдамдықты шектеу 60 км/сағ;
4. Алматы-Өскемен 280 км, Сарыбұлақ с/ж, жаяу жүргіншілер өткелі, жылдамдықты шектеу 40 км/сағ;
5. Талдықорған-Үштөбе 4,5 км, Үштөбе қаласына қарай бағытта – Еңбек ауылына жетпей, жылдамдықты шектеу 60 км/сағ;
6. Талдықорған қ. Жалайыри даңғылы 43 “А”, Облгаи ғимаратының жанасуы, шығыс бағытта жаяу жүргіншілер өткелі, жылдамдықты шектеу 40 км/сағ;
7. Талдықорған қ. Жалайыри даңғылы АКЛ базарына қарама-қарсы батыс бағытта жаяу жүргіншілер өткелі, жылдамдықты шектеу 60 км/сағ;
8. Алматы-Өскемен 212 км, Қызылтоған кентінің жанасуы, жылдамдығы 60 км/сағ;
9. Панфилов ауданы, «Алматы-Шелек-Қорғас» автожолы (әртүрлі жерде, ілеспе және қарсы бағыттарда 2-камера), жылдамдықты шектеу 110 км/сағ;
10. Молалы – Лепсы автожолы, Көлтабан ауылы 30 км, жылдамдықты шектеу 60 км/сағ;
11. Алматы-Өскемен 386 км, Жансүгіров кентінің жанасуы, жылдамдықты шектеу 60 км/сағ.
Фото: gov.kz