Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Бұл оймен дауласудың өзі артық. Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі – жастар секторы. Жастар секторына Қазақстанда айрықша назар аударылады. Осы орайда Қаратал ауданында келелі жиын өтті. Жиынды ҚР Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевтың Алакөл аудандық қоғамдық штабының мүшесі Нұржан Рақметқазынов өткізді. Айтулы шарада Н.Нұрланұлы аудан жастарына елімізде өткелі жатқан саяси науқанның маңызын, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау алды бағдарламасындағы көтерілген бастамаларды түсіндірді.
– «Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел» секілді бағдарламалар жастарды тұрақты және уақытша жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік бағдарламалар жастарды жұмыспен қамтып қана қоймайды, сонымен қатар біліктілігін арттыруға, мамандығын ауыстыруға, жаңа мамандықтарды игеруіне де көп көңіл бөлінуде. Міне, осындай қамқорлықтардан соң жастар елдің дамуы үшін аянып қалмауы тиіс, – деді Н.Нұрланұлы.
Жиын соңында жастар Әділетті һәм бақуатты Қазақстан құруда өз таңдауын жасауға, Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауға уағдаласты.

#Tokaev2022

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *