Кемел Тоқаевтың туғанына 99 жыл
Батыр атам

Қазағы, елім деген, жерім деген,
Білім қуып еңбек етіп, ерінбеген.
Қазақтың бір туары Кемел ата,
Бір өзін мақтан тұтып келемін мен.
Елі үшін, ұрпақ үшін, жері үшін,
Қару алып майданда да ерлік еткен.
Жарқ еткен жұлдыздай боп 63-те,
Елімен қош айтысып кете берді.
Батыр атам мақтан боп қалды бізге,
Бүгінде оқып жүрміз мектебінде.
Білім қуып өзі салған дана жолмен,
Мен де атамдай боламын өскен кезде.
Ұлбосын НҰРМУХАН, Кемел Тоқаев атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы
Биік шың
Кемел ата адалдықтың символы,
Кемел ата батылдықтың символы.
Жауынгер де, журналист те бола алған,
Батылдықтың мектебін де аша алған.
«Ұшқын» атты әңгімесі тамаша,
Шуақ шашар әр балаға жаңаша.
Мектебіне кірген адам толғанар,
Кемел ата мүсініне тамсанып.
Кемел ата қиындыққа қарамай,
Жоғарыға ұмтылудан талмаған.
Адамдықты серік етіп алдына,
Жоғарыға, биік шыңға жете алған.
Қымбат ӘУБӘКІР, Кемел Тоқаев атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы
Кемел ата

Әли-Рахман ИМАНӘЛІ, Кемел Тоқаев атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы
Шәкір үні
Ұлы мамандық

Мектеп. Бұл сөз әр адамның жан дүниесіндегі жарқын сезіммен жаңғырады. Біздің жадымызда мектеп – үлкен жарық сынып бөлмелері, бормен жазылған тақта, бір жерде жоғалған күнделік, қатал ұстаздар, ата-аналар жиналысы, мектеп ауласы. Шынында да, жеке мен үшін мектепте өткен сәттер ең қызықты, ең пайдалы әрі көптеген жылы сезімдер мен естеліктерге толы болып есептеледі. Біздің мектеп қабырғасында өтетін уақытымыз, балалық шағымыздың тең жартысынан көп. Әрине, біздің мектептік өмірде ұстаздарымыз ең маңызды рөл атқарады. Кішкентайымыздан бізді тәрбиелеуге қатысып, әрқайсымызды өз баласындай көреді. Ең алғаш мектеп табалдырығын аттаған кезде қолымызға қалам ұстатып, әріптерді оқып, сандарды санап, оларды жазуға үйрететін, әр-түрлі өлең жолдарын жаттататын осы аяулы да, ардақты ұстаздарымыз. Ұстаздарымыздың арқасында біз жыл сайын сыныптан сыныпқа көшеміз. Әр сыныпта жаңа пәндер, оқулықтар қосылады, жаңа ұстаздармен танысамыз, білімге білім қосамыз. Мен үшін мектебіміздің әрбір ұстазы қымбат. Олар тек ұстаздық рөлін ғана атқармай, өмірлік жолда серік болып, керек кезде өз мейірімімен баураған, мен үшін ең жақын әрі сүйікті ұстаздарымыз. Олар бізге сабақ беріп қана қоймай, шынайы шығармашылық, шынайы көзқарасты біріктіретін мұғалімдер. Сондай-ақ олар өз жігерлілігімен, тиімділігімен, өзіне және басқаларға талапшылдығымен, өз пәндерін тамаша білуімен, әдістемелік шеберлігімен, зор эрудициясымен ерекшеленеді. Шәкірттеріне өмір заңдылықтарын дұрыс, қарапайым түсінуге үйрете отырып, қаншама рухани күш пен қуат береді. Оларға қарап мен де алға қарай жүргім келеді. Педагогикалық әдептің, жанқиярлық пен еңбексүйгіштіктің, өзіне және өзгелерге талапшылдықтың, өз мамандықтарын терең білудің және оқушылармен жұмыс істей білудің үлгісі болып табылады, әсіресе мектеп өміріне қатысты түрлі іс-шаралардың басы-қасында көп жұмыс істейді.
М.Волошиннің: «Өмір – шексіз білім», – деген сөзіне сай менің мұғалімдерім үнемі ізденісте жүреді. «Сіз үшін бақыт деген не?» деген сұраққа олар еш кідірместен: «Бақыт – бұл дүниеде сені ең ұнататын нәрсені жасау» деп бірден жауап береді. Бұл балалармен жұмыс істеу дегенді білдіреді. Оқытудың алғашқы күндерінен бастап ол күлімсіреу ашу мен тітіркенуден күшті екеніне сенімді болды. Оларда жұмсақ, бірақ табанды жұмыс стилі бар. Балалармен әрқашан тамаша қарым-қатынас, толық өзара түсіністік пен сыйластық бар. Олардың әр жолы бізді игі істерге баулиды, осылайша, ең алдымен әрқайсымыздан нағыз адам жасап шығарады. Мұндай мұғалімдерді бас әріппен жазылған мінсіз мұғалім, ұлы ұстаз деп атайды. Расында да, өз мамандығына жаны құмар, бар жанын, жігерін, шығармашылығын еңбекке беретін ұстаздар болмаса, зерделі шәкірттер, үздік түлектер, биік жетістіктер, даңқты дәстүрлер болмас еді.
Әдемі СМАҒҰЛ, Кемел Тоқаев атындағы орта мектебінің
10 сынып оқушысы
Күз

Қарашы, күз келді,
Сап-сары бақтарда.
Құстар да қайтады,
Жып-жылы жақтарға.
Күз сиқырлы ханшайым,
Бізге келер жыл сайын.
Жеміс-жидек, көкөніс,
Бәрі пісіп, тұр дайын.
Күз көңілсіз демеңдер,
Ол молшылық берекең
Қысқа азық беретін,
Қолы жомарт кең екен.
Алтын күзге ризамын,
Ризығы мол күз екен.
Қамба толды астыққа,
Міне, шаттық мереке!
Береке, бақ дарыған,
Жомарт көңіл жарқын күз.
Келер қыстың алдынан,
Жарқыраған алтын күз.
Қарашы күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен түзеді
Неліктен көңілсіз күз енді!?
Күздің әнін суық жел,
Көңілсіз бір салады.
Аспан бұлтты, жасыл жер,
Сап-сары боп барады.
Бақта құстар сайрамас,
Асыр салмас аңдар да.
Далада гүл жайнамас,
Жерге күз кеп қалғанда
Қыстың қамын жазда ойлап,
Күзде егін жинаймыз.
Теріп соңғы гүлдерді,
Жылы күнді қимаймыз.
Жылы жаққа құс ұшса,
Күз келгенін біліңдер.
Күн суытып, жел соқса,
Жылы киініп жүріңдер!
Каусар МАУКЕН, Кемел Тоқаев атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушысы
Алын күз балалар көзімен
«Күз келбеті»

Ағнар ЕСІМХАНҚЫЗЫ, Бағнар ЕСІМХАНҚЫЗЫ,
Кемел Тоқаев атындағы орта мектебінің 2 сынып оқушылары
«Құс патшайымы»

Медина РАХМЕТОЛЛА, Кемел Тоқаев атындағы орта мектебінің 3 сынып оқушысы
«Сап-сары айнала»

Аружан МАРАТҚЫЗЫ, Кемел Тоқаев атындағы орта мектебінің 4 сынып оқушысы
«Керемет күз»
Іңкәр ЕРҒАЛИ, Кемел Тоқаев атындағы орта мектебінің 4сынып оқушысы
«Алтын күз»

Аяжан ТҮСІПХАН, Кемел Тоқаев атындағы орта мектебінің
4 сынып оқушысы