Төтенше жағдайлар министрлігі көктемде күннің жылынуы кезінде шатырлардан қар түсіп, мұздың құлау қаупіне қатысты ескерту жариялады,  деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы BAQ.KZ сайтының дерегіне сүйеніп.

Ғимараттардың шатырынан қардың түсу қаупі төнген кездегі негізгі ұсынымдар мен сақтық шаралары:

  • қар түсуі мүмкін үйлердің шатырына жақындамаңыз, мұндай жерлерде балалардың болуына жол бермеңіз;
  • көліктерді шатырына мұз қатқан және қар тұрған құрылыстарға жақын қалдырмаңыз;
  • қауіпті жердің қоршауы болған кезде қоршаудан өтіп кетпеңіз, қауіпті жерлерді басқа жолмен айналып өтіңіз;
  • құлаққаптарды қолдаңбаңыз, себебі төбеден құлап жатқан қардың шуын естімейсіз.

Егер табанжолмен жүріп бара жатқанда сіз төбеде күмәнді шу естіген болсаңыз – тоқтамаңыз. Бәлкім, бұл қардың немесе мұздың құлауы болар. Ғимараттан қашуға да болмайды. Тезірек ғимараттың қабырғасына жақындап тұрыңыз, шатырдың күнқағары бүркеме қызметін атқарады, – деп жазылған хабарламада.

Фото: ТЖМ

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *