ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия кезінде кешенді шаралар қабылдап, модульді стационарлық ауруханаларды салуды тапсырған еді. Осы орайда Еңбекші ауылының тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында дәрігерлік амбулатория бой көтеріп, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Шара шымылдығын аудан әкімі А.Абдинов ашып, тұрғындарды құттықтады. Сонымен бірге шарада спорт саласының ардагері Д.Байділдаев ізгі лебізін білідіріп, Еңбекші ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданның Құрметті азаматы М.Ибраев батасын берді.

Емдеу мекемесінің лентасы қиылғаннан кейін, келген қонақтар мен ауыл тұрғындары мекеме жұмысымен танысып, ішін аралады.  Айта кетейік, Тапсырыс беруші – «Алакөл ауданы әкімі аппараты», мердігер –  «Qaz Damu Construction» ЖШС. Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған жобаның жалпы құны – 78 млн теңге. Ғимараттың жалпы көлемі – 110 шаршы метр.  Ғимарат бір қабаттан, жеті бөлмеден тұрады. Дәрігерлік амбулатория 8 адамды жұмыспен қамтиды.

 

 

Алакөл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *