Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі.  Республика күніне орай аудандық жастар ресурстық орталығы мен пробация қызметі және аудандық прокуратура бөлімінің ұйытқы болуымен «Қарттарым –асыл қазынам» атты акция өтті.

Акцияның негізгі мақсаты – ардагерлер мен жастарды байланыстыру, қарт адамдарға және дәстүрге деген құрметті күшейту, патриоттық тәрбиені нығайту және еліміздің ертеңі жас ұрпақтың бойына, туған жерге, елге, халыққа деген сүйіспеншілікті арттыру.

Іс шара барысында Үшарал қаласындағы Момышұлы 81 үйде тұратын жалғыз басты қарт апамызға пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар қысқа қажетті отын дайындап, ауланың тазалық жұмыстарына көмектесті.

Акция қатысушыларына қарт апамыз: «Қайырымдылық жасағысы келетіндердің саны жыл санап артып келеді. Үлкенге құрмет көрсетіп, жәрдем бергендеріңнің өзі жастардың татулығын, ауызбірлігін көрсетіп отыр. Ардагерлер қашанда көмекке мұқтаж, сендердің бұл жақсы бастамаларыңды іштей таразылап қуанып отырмын. Игі істер тұрақты жалғасын таба береді деп ойлаймын»  – деп ерекше ықыласпен батасын берді.

Үлкендердің ризашылығы біз үшін үлкен мәртебе. Үлкенге құрмет көрсету «Рухани жаңғырумен» үндес. Осы бастама әрі қарай да жалғасын таппақ.

 

Г.БАЗЫЛХАНОВА,

аудандық жастар ресурстық

 орталығының маманы

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *