Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, жастардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру, елін, жерін қорғауға дәріптеу – ел болашағы үшін маңызды қадам. Осы мақсатта Республика күніне орай жастар арасында «Айбын» әскери-патриоттық, спорттық жарыс ұйымдастырылды. Шара Үшарал қаласындағы ҚР ҰҚК шекара басқармасының базасында өтті.
Спорттық ойын 3 кезеңнен тұрды: cапта жүру дайындығы, АК-74 бөлшектеу және жинау жаттығуы және кермеге тартылу. Іс шараға 15 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша I орынды С.Иманасов атындағы орта мектеп, II орынды Үшарал қазақ гимназиясы, III орынды Д.Қонаев атындағы орта мектеп иеленді. Аталған жеңімпаздар мен қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.
Т.ҚАБЫЛҚАНОВ,
аудандық жастар ресурстық
орталығының жетекшісі