Республика күні қарсаңында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Көксу ауданы Жарлыөзек ауылдық округінің әкімі Самат Ихсановқа ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Алғыс хатын табыстады.
Естеріңізге салар болсақ, округ әкімі С. Ихсанов осы жылы Агенттік бастамасымен ұйымдастырылған «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауының аймақтық іріктеуінде жеңімпаз атанып, Жетісу өңірінің атынан байқаудың республикалық (ақтық) кезеңінде бағын сынаған.
Үшінші жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан байқаудың мақсаты – ауылдық елді мекендердегі жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру, жергілікті бастамаларды, оның ішінде ұсынылған халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталған жобаларды ынталандыру, сондай-ақ ауылдық елді мекендерді дамытуға елеулі үлес қосқан үздік әкімдерді анықтау және көтермелеу.
Бейбіт Өксікбайұлы ауылдық округ әкімінің алдағы қызметіне табыс тілеп, ел игілігі жолындағы еңбегіне сенім білдірді.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
https://www.gov.kz/