Қазақстан қор биржасындағы (KASE) 5 тамыз күнгі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 537,53 теңгені құрады. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 3,98 теңгеге төмен көрсеткіш, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Ұлттық банктің 5 тамызға бекіткен ресми бағамы — 541,82 теңге.

kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта:

  • Алматыдағы айырбастау пункттерінде:
    – долларды сатып алу – 537,43 теңге,
    – сату – 539,64 теңге.

  • Астанадағы айырбастау пункттерінде:
    – сатып алу – 534,72 теңге,
    – сату – 541,54 теңге.

Еске сала кетейік, 30 шілде күні елдегі айырбастау пунктерінде доллар бағамы 550 теңгеден асып кеткен еді. Осы жағдайдан кейін Ұлттық банк валюта нарығына араласатынын, яғни интервенциялар жүргізетінін хабарлады.

Нәтижесінде 1 тамызда қаржы реттеушісі теңге бағамын қолдау мақсатында 125,6 миллион АҚШ долларын сатқанын мәлімдеді.

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *