25 қазан – Республика күніне орай аудандық мәдениет үйінде мерекелік іс-шара өтті.

Салтанатты жиында аудан әкімі Ерлан Исабеков жиналған қауымды елеулі мерекемен құттықтап, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысының жұртшылығымен жақында өткен кездесуінде айтқан негізгі тезистері мен бағыттарына тоқталып кетті. Сонымен қатар, аудан әкімі Ерлан Шойұлы және Қаратал аудандық мәслихатының хатшысы Жандос Теңелбаев ауданымыздың бірқатар азаматтарын «Қаратал ауданының құрметті азаматы» төсбелгісімен марапаттады. Бірқатар маман иелеріне «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Үздік фермер» салалық наградалары, сондай-ақ ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси өміріне қосқан үлестері үшін облыс әкімінің орынбасарларының және аудан әкімінің алғыс хаттары табыс етілді. Артын ала мерекелік шара аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

 

Балгерім ТҰМАН

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *