Ұлттық мереке – Республика күні өңірдегі «Шаңырақ» ымшам ауданында бой көтерген жаңа 30 пәтерлі үй кілттерін тапсыру рәсімі өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Ерлан Исабеков, қала тұрғындары, аудандық құрылыс бөлімінің және мердігерлік ұйымның өкілдері қатысты.
Үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды, оның құрылысына бюджеттен 405,6 млн. теңге жұмсалған. Көпқабатты жаңа үйде 10 екі бөлмелі және 20 үш бөлмелі пәтер бар. Көптен күткен пәтерлердің кілтін аз қамтылған, көп балалы отбасылар, I және II топтағы мүгедектер, Ауған соғысының ардагерлері мен зейнеткерлер алды.
Аудан басшысы тұрғындарды қоныс тойымен құттықтап, ауданда жақын арада 40 пәтерлі несие үйінің құрылысы бастау алатынын, сондай-ақ Көкдала шағын ауданында 20 жеке тұрғын үй салыну жоспарда бар екенін атап айтты.

“Қаратал-Ақпарат”

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *