2025 жылдың 3 қыркүйек күні нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын-алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты үйлестіру жөніндегі Жетісу облысының өңірлік ведомствоаралық штабының 3-ші отырысы өткізілді.  Штаб отырысына облыстың ведомствоаралық комиссия мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, басқарма басшылары және аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары  қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық штабтың 2025 жылдың ІІІ – тоқсанда (шілде-тамыз) атқарған жұмысын қорытындылау;

Алкаголь мен есірткіге тәуелділікті қалыптастыру мен дамытудың ықтимал тәуекелдерін анықтау тұрғысынан психологиялық диагностика шеңберінде өңірдің оқу орындарының оқушылар арасында жүргізілген жұмыстардың нәтижелері туралы;
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың ресми сайттары мен әлеуметтік желілерінде есірткіні қолданудың, олардың заңсыз айналымына қатысудың салдары туралы жарияланымдарды тұрақты орналастыруды қамтамасыз ету мониторингі туралы;

Аталған мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың баяндамалары тыңдалып, нашақорлыққа қарсы шараларды күшейту, жастарды салауатты өмір салтына тарту және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру бойынша нақты тапсырмалар беріліп, жоспарға сәйкес алдағы 4-ші тоқсанда атқарылатын жұмыстар жайлы нақты тапсырмалар берілді.

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *