Елеулі мереке күні қарсаңында Үштөбе қаласының орталық саябағында жаңартылған спорт алаңы ашылды. Шағын футбол мен волейбол ойнауға арналған алаңның құрылысы осы жылдың тамыз айында бастау алып, пайдалануға берілді. Шара барысында сөз салған өңір басшысы бүгінде заманауи талаптарға сай келетін жаңа спорт нысандары салынып жатқанын, жылдан жылға воркаут, ашық аспан астындағы спорттық жаттығу алаңдарының саны көбейіп жатқанын тілге тиек етіп, бұқаралық спортты дамытуға, спорт мектептері мен орталықтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға көп көңіл бөлінетінінін атап өтті.

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *