Мереке күні Жаңаталап ауылы маңындағы ипподромда ат спорты әуесқойларының қатысуымен Көкпар ұлттық ойыны ұйымдастырылды. Ойынға облыстық және аудандық ауқымдағы атқа міну шеберлері қатысып, меценат Руслан Бөкенбаевтың демеушілік қолдауымен бағалы сыйлықтар табысталды.
Аудан әкімі Е. Исабеков жиналғандарды Республика күнімен құттықтай отырып, ұйымдастырылған ойынның мақсаты өскелең ұрпақ арасында ат спортына қызығушылықты арттыру, бұқаралық спортты дамыту, жастарды облыстық, республикалық деңгейдегі Көкпар біріншіліктеріне дайындау үшін мүмкіндіктер жасау болып табылатынын атап өтті.

 

 

«Қаратал-Ақпарат»

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *