⚜️8 қазан күні Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында қазақ күресінен дәстүрлі «Жетісу барысы» турнирі өтеді.
⚜️Жарысқа Жетісу облысының әр өңірінен іріктелген балуандар қатысып, «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне жолдама үшін өзара күш сынасады.
⚜️Барша спорт жанкүйерлерін аймақтың үздік балуандарының тартысты белдесулерін тамашалауға шақырамыз. Ел рухын көтеретін бұл айтулы спорттық шарадан қалыс қалмаңыз!
Өтетін орны: «Жастар» спорт сарайы
Күні: 8 қазан, 2025 жыл