Жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні аталып өтеді. Əлеуметтік сала – еліміздегі ең өзекті бағыттардың бірі болып табылады. Бүгінгі таңда қоғамда болып жат­қан оқиғалардың дені осы əлеуметтік мəселе төңірегінде туындап жататыны шындық. Əсіресе, «əлеуметтік» ұғымымен қорғау, көмек, қызмет, оңалту, ортаға əсер ету, қамсыздандыру, паналау орны, диагноз, қолдау, педагогика, қызметкер секілді қатарлас қолдан­ылатын тіркестер құла­­ғымыз­ға сіңісті болып кетті. Десек­ те,­ бұлардың бəрінің астарында қоғам өмір­інде болып жат­қан мəселелерге атүс­ті қарамай, мем­лекет­іміздің əрбір көмекке зəру жандарына қол ұшын созу жатыр. Бүгінгі таңда, тағдыр тауқыметін тартқан, түрлі жағдайларға тап болған немесе мүмкіндігі, мүгедектігі бар жандарды көргенімен көмек көрсетуге құлық таныта қоймайтындар да баршылық. Ал, біз тілге тиек еткелі отырған «əлеуметтік саланың» пұшпағын илеп жүрген «қызметкерлер» болса, осындай жандармен бірге біте қайнасып өмір сүреді. Олардың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қолғабыс жасап, өміріне етене араласады. Əлеуметтік сала қызметкерлері мүгедектігі бар жандарға көңілін аулап, барынша қолдау көрсетуде. Мүгедектігі бар жандардың қайғысымен бөлісіп, оңалып кетуіне ықпал жасайды. Қазіргі таңда əлеуметтік қызметкер – белгілі бір көмекке мұқтаж адамдарға демеу болар адам ғана емес, ол қоғамның əл-ауқатын жақсартуға бағытталған əлеуметтік саясатты реформалауға қатысушы десек те болады.

Ауданымыздағы «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Қаратал күндізгі болу орталығына» биыл 6 жыл толып отыр. Орталықта, яғни 2021 жылы қосымша оңалту бөлімшесі ашылды. Осы бөлімшеге облыс бойынша мұқтаж жандар келіп, жатып, оңалту шараларының бірқатарын алуларына  барлық жағдай жасалған. Орталықта мүгедектігі бар балаларға медициналық, психологиялық, педагогикалық қызмет көрсетілуде. Әрбір мүгедектігі бар жандарға қолайлы орта қалыптастырып, түрлі рухани саяхаттар ұйымдастыруды да сала қызметкерлері жұмыс жоспарынан тыс қалдырмайды. Сондықтан, тек мереке қарсаңында ғана емес, зор еңбектері еленуге тұрарлық нардың жүгіндей ауыр міндетті арқалап жүрген қызметкерлер қашанда құрметке лайықты дер едім.

Білім де білікті басшы Ирина Байғазақова басшылық ететін  ауызбірлікті ұжымды кәсіби мерекемен құттықтаймын. Барша әріптестеріме зор денсаулық, отбасылық амандық, қажымас қайрат пен талмас қанат тілеймін.

 

Бахытгүл БАЙЗАКОВА,  «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Қаратал күндізгі болу орталығы» директорының әлеуметтік ісі жөніндегі орынбасары

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *