«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес және «2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 11 ақпандағы № 1170 Жарлығы негізінде Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды  әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың  қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Аумақтық референдум комиссиялары республикалық референдумды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға Н. Әбдіров
 

Хатшы


Ш.Өтемісов

Астана қаласы

2026 жылғы 12 ақпан

№ 6/10

 

Қазақстан Республикасы

Орталық референдум комиссиясының

2026 жылғы 12 ақпандағы

№ 6/10 қаулысымен бекітілген

 

2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды

әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

күнтізбелік жоспары

         1. Бұқаралық ақпарат құралдарында аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының құрамын жариялау

 

  Аумақтық референдум комиссиялары

Референдум тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2026 жылғы 21 ақпаннан кешіктірмей

 

2. Бұқаралық ақпарат құралдарында референдум учаскелерінің шекаралары туралы хабарды  жариялау
  Тиісті әкімдер

Референдум тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2026 жылғы 21 ақпаннан кешіктірмей

 

          3. Республикалық референдум алдындағы үгіт

 

  референдум тағайындалғаннан кейін басталады және

2026 жылғы 14 наурызда нөл сағатта аяқталады

 

           4. Шешімімен учаске құрылған әкiм қол қойған референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тiзiмдерiн учаскелiк референдум комиссияларына акт бойынша ұсыну
  Тиісті әкімдер

Дауыс берудің басталуына жиырма күн қалғанда

2026 жылғы 22 ақпаннан кешіктірмей

 

           5. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған учаскелер бойынша референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін танысуға ұсыну
  Учаскелік референдум комиссиялары

Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда

2026 жылғы 27 ақпаннан кешіктірмей

 

          6. Жекелеген референдум учаскелерiнде дауыс берудiң басталуы мен аяқталуының басқа уақытын белгiлеу және бұл туралы шешiмдi азаматтарға жеткiзу

 

  Аумақтық референдум комиссиялары

Дауыс беру күніне дейінгі он күннен кешіктірмей

2026 жылғы 4 наурыздан кешіктірмей

 

           7. Дауыс беру уақыты мен орны туралы азаматтарды хабардар ету
  Учаскелік референдум комиссиялары

Дауыс беру  күніне дейінгі кемінде он күннен кешіктірмей

2026 жылғы 4 наурыздан кешіктірмей  (26–б.  1–т.)

 

          8. Учаскелік референдум комиссияларын дауыс беруге арналған  бюллетеньдермен қамтамасыз ету
  Аумақтық референдум комиссиялары

Дауыс беруге дейін ерте дегенде үш күн бұрын және кемінде бір күн бұрын

2026 жылғы 12-14 наурыз (27-б.  5-б.)

 

           9. Дауыс беру үшін референдум учаскелерін ашу және ашу туралы хаттама жасау
  Учаскелік референдум комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

Егер дауыс берудің басталуына басқа уақыт белгіленбесе,  жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

 

 

           10. Дауыс беруді өткізу
  Учаскелік референдум комиссиялары

Дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, дауыс беру күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 (23-б. 1-т.) 5-тт.)

 

 11. Референдум  учаскесінде  дауыстарды  санау  және  дауыс  беру нәтижелері туралы хаттама жасау
  Учаскелік референдум комиссиялары

Дауыс беруді аяқтаудың басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады .  Санау уақыты санау басталғаннан бастап он екі сағаттан аспауға тиіс

(23-б. 1-т.) 6-тт.)

 

           12. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн референдум учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгіленген орында орналастыру

 

  Учаскелік референдум комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

 

           13. Референдум учаскесiнде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы тиiстi аумақтық референдум комиссиясына ұсыну
  Учаскелік референдум комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

 

           14. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында референдумның нәтижелерін шығару
  Аумақтық референдум комиссиялары (22-б. 1-т.7-тт.)

 

           15. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағындағы референдум нәтижелері туралы хаттаманы Орталық референдум комиссиясына ұсыну
  Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық референдум комиссиялары

2026 жылғы 17 наурыздан кешіктірмей

 

             16. Референдум қорытындыларын шығару және бұқаралық  ақпарат  құралдарында  референдум  қорытындылары туралы ресми хабарды жариялау
Орталық референдум комиссиясы

Референдум өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2026 жылғы 21 наурыздан кешіктірмей (31, 33-б.)

Ескерту: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер беріліп отыр

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *