«Жастар және Конституция: жаңа мағына – жаңа мүмкіндік»

Аудандық «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері «Жастар және Конституция: жаңа мағына – жаңа мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Конституциялық өзгерістердің жас ұрпақ үшін маңызы, олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бастамалар жан-жақты түсіндірілді. Әсіресе, білім алу, еңбек ету, кәсіп бастау, қоғамдық өмірге белсенді қатысу сияқты бағыттарда жаңа мүмкіндіктер ашылатыны атап өтілді.

Жастар өз пікірлерін ашық білдіріп, ел болашағына қатысты ойларымен бөлісті. Ашық диалог форматында өткен жиында қатысушылардың сұрақтарына нақты жауаптар беріліп, референдумға белсенді қатысуға шақыру жасалды.

Мұндай кездесулер жастардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, Конституцияның қоғам өміріндегі рөлін терең түсінуге мүмкіндік береді. Жастар – елдің қозғаушы күші, ал олардың белсенді ұстанымы – жарқын болашақтың кепілі.

Р. ТАСЫБАЕВ, «Аманат» партиясы Қаратал аудандық филиалының төрағасы, Қаратал аудандық мәслихат депутаты

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *