Референдумды қолдау – бұл елдің тұрақты дамуы мен азаматтардың саяси белсенділігін арттыруға бағытталған
маңызды қадам деп санаймын. Біз, депутаттар, ел мүддесіне қатысты аса маңызды мәселелерде халықтың пікірін тікелей
сұрау – әділ әрі ашық қоғам құрудың негізі деп есептейміз. Бүгінгі таңда ұсынылып отырған өзгерістер еліміздің
болашағына, ұрпақ келешегіне тікелей әсер етеді. Сондықтан әр азаматтың дауысы маңызды. Референдум – жай ғана дауыс
беру емес, бұл – жауапкершілік, бұл – ел болашағына бейжай қарамайтынымыздың белгісі.
Біздің басты мақсатымыз – тұрақтылықты сақтау, әділетті қоғам қалыптастыру және мемлекетіміздің дамуына жаңа серпін беру. Сол себепті баршаңызды белсенділік танытып, өз таңдауларыңызды дұрыс жасайды деп ойлаймын.
Толқын ӘБЕНОВА,
аудандық мәслихат депутаты