«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аудандық коалиция мүшелеріЖамбыл орта
мектебі ұжымымен Жаңа Конституция жобасының мазмұнын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Жалпыұлттық коалиция өкілдері Конституция жобасына енгізіліп отырған негізгі өзгерістер мен толықтыруларды жан-жақты баяндап, олардың қоғамды демократияландыруға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты кепілдендіруге бағытталғанын атап өтті.
Сонымен қатар референдумға ұсынылған өзгерістер мемлекеттік басқаруды заманауи талаптарға сәйкестендіруге, сот және құқық қорғау
салаларының тиімділігін арттыруға, адами капиталды нығайтуға, білім беру мен әлеуметтік саланы дамытуға, сондай-ақ гендерлік теңдікті ілгерілетуге негіз болатыны айтылды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, сұрақтарына нақты жауап алды.

Р.ТАСЫБАЕВ,
«Әділетті және Прогрессивті
Қазақстанның Халықтық
Конституциясы үшін!»
аудандық коалиция төрағасы

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *