Жаңаталап ауылының тұрғындарымен «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аудандық
коалициясы мүшелерінің кездесуі ұйымдастырылды. Кездесудің басты мақсаты – жаңа Конституция жобасының мазмұнын түсіндіру, оның қоғам өміріндегі маңызын талқылау және тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау.
Жиын барысында жаңа Конституция жобасының ел бірлігін нығайтудағы рөлі, қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын орнықтыру, азаматтардың құқықтары мен жауапкершілігін арттыру бағыттары кеңінен сөз етілді. Қатысушылар заң үстемдігін қамтамасыз ету, әлеуметтік әділдікті күшейту және мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Ауыл тұрғындары өз ойларын ортаға салып, ел болашағы үшін тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің маңызын атап өтті.
Әсіресе, ұрпақтар сабақтастығын сақтай отырып, жаңашыл бастамаларды қолдау қажеттігі айтылды. Ашық форматта өткен
жүздесу барысында түрлі ұсыныстар беріліп, мазмұнды пікір алмасу жүзеге асты.
Мұндай кездесулер халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, азаматтық белсенділікті арттыруға ықпал етеді. Ортақ мақсат жолында бірлесе әрекет ету – ел дамуының басты кепілі. Бірлік пен әділет бар жерде – береке бар!
Р.ТАСЫБАЕВ,
«Әділетті және Прогрессивті
Қазақстанның Халықтық
Конституциясы үшін!»
аудандық коалиция төрағасы

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *