Кәлпе ауылы тұрғындарымен «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аудандық коалициясы мүшелерінің кездесуі ұйымдастырылды. Жүздесудің басты мақсаты – жаңа Конституция жобасының мазмұнын түсіндіру,
оның қоғам өміріндегі маңызын талқылау және тұрғындардың пікірін білу болды.
Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа бастаманың ел бірлігін нығайтудағы рөліне кеңінен тоқталды.
Атап айтқанда, қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын орнықтыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары
мен жауапкершілігін арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды. Жаңа Конституция жобасы әрбір азаматтың үнін ескеріп, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді күшейтуге бағытталғаны айтылды.
Ашық форматта өткен жиында ауыл тұрғындары өз ой-пікірлерін еркін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Олар ел болашағы үшін тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің маңызын ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, құқықтық мәдениетті арттыру, жастардың белсенділігін күшейту және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру жөнінде бірқатар ұсыныстар айтылды. Жиын өзара түсіністік пен конструктивті диалог алаңына айналды. Мұндай басқосулар халық
пен билік өкілдері арасындағы байланысты нығайтып, ортақ мақсат жолында бірігуге серпін береді.
Бірлік пен әділет бар жерде – береке бар. Сондықтан да қоғамның әр мүшесінің белсенділігі мен жауапкершілігі ел дамуының басты кепілі болып қала бермек.
Ә.БОҚБАСАРОВ,
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның
Халықтық Конституциясы үшін!» аудандық коалиция мүшесі