Қаратал ауданында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» тақырыбында кәсіпкерлермен кездесу өтті. Кездесуге аудандық коалиция мүшелері және облыстық коалиция мүшесі Жексембинов Серікжан Бақытұлы қатысты.
Жиын барысында Жаңа Конституция жобасының негізгі өзгерістері мен олардың кәсіпкерлік, өңірлердің дамуы және халықтың әлеуметтік құқықтарын нығайтуға тигізер әсері талқыланды. Жалпыұлттық коалиция мүшелері жобадағы толықтырулардың қоғамды демократияландыруға және азаматтардың құқықтарын нақты кепілдендіруге бағытталғанын атап өтті.
Референдумға ұсынылған өзгерістер мемлекеттік басқаруды заманауи талаптарға сәйкестендіруге,
өңірлік даму мен әлеуметтік-экономикалық саланы қолдауға негіз болады.
Р.ТАСЫБАЕВ,
«Әділетті және Прогрессивті
Қазақстанның Халықтық
Конституциясы үшін!»
аудандық коалиция төрағасы