Аудандық «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Жанаталап орта мектебінің еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ел дамуының маңызды бағыты саналатын жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен қоғам үшін маңызы кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ қатысушыларға Конституциялық реформалардың басты мақсаттары, оның елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы жөнінде ақпарат берілді.
Іс-шара барысында мектеп ұжымы өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Коалиция мүшелері тұрғындардың белсенді азаматтық ұстанымы мен ел болашағына деген жауапкершілігі ерекше маңызды екенін атап өтті.

Р.ТАСЫБАЕВ,
«Әділетті және Прогрессивті
Қазақстанның Халықтық
Конституциясы үшін!»
аудандық коалиция төрағасы

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *