«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты жалпыұлттық коалиция мүшелері 51 ОМ ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының маңызы мен негізгі бағыттары түсіндіріліп, ел дамуы үшін ұсынылып отырған бастамалар туралы кеңінен әңгіме өрбіді. Коалиция мүшелері ұжымға Конституция жобасындағы басты өзгерістерді айтып, оның қоғам үшін маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар қатысушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, маңызды мәселелер кеңінен талқыланды.
Р.ТАСЫБАЕВ,
«Әділетті және Прогрессивті
Қазақстанның Халықтық
Конституциясы үшін!»
аудандық коалиция төрағасы