15603 Әскери бөлімі Жаңа Конституцияға дауыс берді. №147 сайлау учаскесінде 40 сарбаз өз таңдауын жасап жатыр. Әскери қызметкерлер азаматтық борыштарын орындап, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті.
🔹Дауыс беру үдерісі заң талаптарына сай, ашық әрі ұйымдасқан түрде өтуде. Сарбаздар үшін бұл – мемлекет дамуына өз үлестерін қосудың маңызды мүмкіндігі.