ЖШС "ҚАРАТАЛ" ГАЗЕТІ"
Кәсіпорын қызметкерлері ұйымдасқан түрде келіп, №3 референдум учаскесінде бірауыздан дауыс берді.
Зауыт ұжымы ел болашағына бейжай қарамай, маңызды саяси науқанда азаматтық белсенділік танытып, қоғамдық жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.
«Бүгін біз ұжым болып келіп, өз таңдауымызды жасадық. Әр азамат елдің болашағына жауапкершілікпен қарап, осындай маңызды саяси науқандарға қатысуы керек деп ойлаймын. Бұл – біздің азаматтық борышымыз», – деді Ерік Құрмансейітұлы