Қаратал ауданында ғасыр жасаған тыл ардагері, Кузева Мария Денисовна ел болашағына бейжай қарамай, өз таңдауын жасады. Жасы жүзге келсе де, жаңа коституцияға жауапкершілікпен қарайтын қарт ана, азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсеткені рас. Денсаулық жағдайына байланысты сайлау учаскесіне бара алмағанымен, арнайы ұйымдастырылған мүмкіндік арқылы өз дауысын шаңырағында беріп, елдің ертеңіне деген сенімін білдірді.
Осы орайда Үштөбе қаласының әкімі Онгаров Қуат Таттыгалиевич бастаған бір топ азамат, ардақты ананың үйіне барып, құрмет көрсетті. Мария ханымның ел өміріне деген жауапкершілігіне алғыс білдіріп, иығына шапан жауып, ақжарма тілектерін жеткізді.
Мария Денисовна – еңбек жолын аудандық білім бөлімінде есепші болып бастап, ұзақ жылдар бойы адал қызмет еткен жан. Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, әріптестерінің және көпшіліктің сый-құрметіне бөленіп отыр. Оның еңбекқорлығы мен ұқыптылығы кейінгі буынға үлгі болды. Ана жолын жалғаған қызы да есепші мамандығын таңдап, ұзақ жылдар осы салада қызмет етті. Бүгінде екеуі де зейнеткерлікке шыққанымен, ел тынысына бейжай қарамайтын белсенді жандардың қатарында. Мұндай тағылымды тұлғалар – қоғамның рухани тірегі, ел бірлігінің айқын көрінісі. Әрі ұрпаққа өнеге!
Қаратал ауданында 38 учаскелік пункт бар:
Оның 2-і жабық:
36-сы ашық: