№138 сайлау учаскесінде 100 жасқа толған ақсақал, Нұрмахан Тазабеков саяси науқанда өз таңдауын жасап қайтты. 1926 жылы дүниеге келген қария, Ата заңның маңыздылығын терең түсініп, Референдумға бейжай қарамайтынын тілге тиек етті. Ол – тыл ардагері, ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жыл еңбек еткен тұлға. Көп жыл бойы жылқы бағып, көкпар тартып, күш-қайратымен танылған. Зейнетке шығар алдында, Абай совхозында қой баққан еңбек адамы. Ақсақалдың туған жері – Қаратал ауданы, қазіргі Елтай ауылдық округіне қарасты Қаражиде ауылы. Ол осы өңірде өмір сүріп, еңбек етіп, ұрпағына өнеге боларлық ғұмыр кешті. 9 баланың әкесі бүгінгі таңда 18 немере, 14 шөбере сүйіп отыр.

Ұл-қыздарының айтуынша, ол 90 жасқа дейін ат үстінен түспей, белсенді өмір салтын ұстанып келеді. 100 ге келген ақсақалдың сайлауда бой көрсетіп, өз таңдауын жасауы – ерекше көрініс болды.

Қаратал ауданында 38 учаскелік пункт бар:

Оның 2-і жабық:

36-сы ашық:

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *