Солардың қатарында «ТастөбеАгрофуд» ұжымының қызметкерлері де бар. Кәсіпорыннан 50-ге жуық адам арнайы келіп, өз таңдауларын жасап, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетіп отыр.
Ірі шаруа қожалығы саналатын «ТастөбеАгрофуд» ЖШС табысты еңбек көрсетіп келеді. Кәсіпорынның негізгі бағыты – сүт өндірісі. Мұнда Зеңгі баба тұқымын өсіруге ерекше көңіл бөлінген. Шаруашылықта негізінен симментал тұқымды сиырлар бағылады. Қазіргі уақытта қожалықта 500-ге жуық ірі қара мал бар.
Кәсіпорын тәулігіне 10–12 тоннаға дейін сүт өндіреді екен. Бұл – аудан экономикасына елеулі үлес қосып отырған көрсеткіштердің бірі. Сонымен қатар 100-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Олардың басым бөлігі – сауыншылар мен ауыл шаруашылығы мамандары. «ТастөбеАгрофуд» директоры Шыңғыс Ахметов ұжымымен бірге сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Оның айтуынша, «ауыл еңбеккерлері елдің болашағына бейжай қарамайды және маңызды қоғамдық-саяси шараларға белсенді қатысу – әр азаматтың борышы» деді.

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *