Жастарға діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға үйрету, мұсылман дінінің өміршендігін және Ислам дінін насихаттау, өз дініне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында Қаратал ауданының орталық кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Теріс діни ағымдар уағызы – заңсыз уағыз» атты танымдық сағаты өтті. Шараға Қаратал аудандық орталық мешітінің бас имамы Бердібек Нұқтарұлы, Бастөбе сервистік-техникалық колледжі студенттері, аталған колледждің тарих пәнінің мұғалімі Дәулет Жусамбаев қатысты. Шара барысында дін жайлы видеоролик көрсетіліп, Діни ағымдар деген не?, Теріс ағымдарға заң не дейді?, Біздің елімізде қандай ағымдар кездеседі?,
Ағымдар туралы Ислам не дейді? деген сұрақтар талқыланды. Бердібек Нұқтарұлы жастарды адаспауға шақырып, тәрбиелік мәні зор ойларымен бөлісті. Таным сағаты соңында дін туралы кітаптар таныстырылып, насихатталды.
Аймира МАЙЛАНОВА, Қаратал ауданының орталық кітапханасының кітапханашысы.