Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай ауданымыздағы қос басылым «Қаратал» және «Бастау» газеттері ұжымын аудан әкімінің міндетін атқарушы Айдар Башбаев қабылдады.
Мерекелік кездесуді Айдар Карбозұлы құттықтау сөз сөйлеп ашып, журналистер қауымының қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ, әрдайым жағымды жаңалықтармен қатар, елдің мұң-мұқтажын көтеріп жүрген журналистерге ризашылығын білдірді. Артын ала қалам иелерін алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпат жасады. Сонымен қатар «AMANAT» партиясының Қаратал аудандық филиалының атқарушы хатшысы Алмас Байгунысов та ізгі лебізін білдіріп, «Бастау» газетінің тілшісі Лида Жанбота мен «Қаратал» газеті ЖШС-нің директоры Нұрланбек Несіпбаевқа «AMANAT» партиясы Алматы облысының филиалы атқарушы хатшысының міндетін атқарушы А.Кубентаевтың алғыс хатын табыстады.
Шара барысында журналистер қауымы аудан басшыларына ризашылықтарын білдіріп, бірқатар ұсыныс-тілектерін жеткізді.
«Қаратал ақпарат»