Жуырда Көксу ауданының Өнер мектебінің оқушылары Ташкент қаласында өткен «Zhuldуz art Kazakhstan» халықаралық байқауына қатысып, ауданымыздың намысын қорғап, биік жетістіктерге жетті. Аудан мақтанышына айналған жүлдегерлердің жетекшілері – Төлеген Даулетхан, Динара Талдыбаева. Әрине ұстаздардың еңбегі ерен. Вокал номинациясы бойынша бақ сынасып, ұстаздарының еңбегінің жемісін көрсетіп отырған жас өнерпаздарымыз Жайық Жұмағазы «Гран при», Арай Аманжолқызы «Гран при», Виктория Горелкина «Гран при» жеңіп алды. Қабілеттерін шыңдап, дайындаған ұстаздарға және шәкірттеріне зор денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық табыс тілейміз. Жеңімпаздарымыз оқуда озат, еліміздің, ата-аналарының сенімін ақтар азамат, азаматшалары болуына тілектеспіз. Оқушылар мен олардың жетекшілерін және ата-аналарын жеңістерімен құттықтаймыз!
Көксу ауданының Өнер мектебінің ұжымы