Бүгінде жастар саясаты – ел саясатының маңызды бөлігі. Өйткені, жастарға айрықша көңіл бөлген мемлекет қана саяси және экономикалық табысқа жете алады. Алакөл ауданында 15564 жас азамат тұрады. Қалалық жастардың үлесі – 4951 азамат болса, ауыл жастары – 10613 адам.
Жастар саясатының басым бағыттары мемлекеттік және салалық бағдарламаларда көрсетілген. Алакөл аудандық жастар ресурстық орталығының жұмысы Президент Жолдауы мен «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңына негізделеді. Қазіргі таңда Алакөл ауданында жастарды әлеуметтік қолдауды жетілдіру бойынша кешенді жоспарлар орындалуда. Атап айтқанда, «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға!», «Жастар тәжірибесі», «Серпін-2050» жобалары жүзеге асырылып жатыр.
Ауданда 1 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. Онда 4 адам штаттық бірлікте қызмет етеді. Атап айтсақ:1 жетекші, 2 маман және 1 психолог. Бұдан бөлек 24 жастар ісі жөніндегі нұсқаушылар ауылдық деңгейде қызмет атқаруда.
Алакөлде жастардың өзін-өзі басқару органдары белсенді дамып жатыр. Аймақтың кәсіпорындарында 2 жастар ісі жөніндегі комитет бар. Олардың барлығы аймақтағы жастар ресурстық орталықтарымен тығыз жұмыс істейді, өзара ынтымақтастық жөнінде Меморандумдар қабылданған.
Жыл басынан бері жастар саясаты аясында спорттық бағытта 21, мәдени бағытта 15 шара, 26 жиын мен кездесу, 17 акция, 1 форум, 1 фестиваль, өткізілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында – 6, құқық бұзушылық бойынша – 9 рейд жұмыстары жүргізілді. Бұл шараларға жалпы саны 12000-ға жуық жастар тікелей қатысып, 15 000-нан астам жас жанама қамтылды.
2 тоқсан қорытындысы бойынша ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі нұсқаушылардың ұйымдастыруымен жастар арасында мемлекеттік бағдарламаларды, діни экстремизм мен терроризмнің, сыбайлас жемқорлықтың, құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың алдын-алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, дарынды жастарға қолдау көрсету мақсатында барлығы 150 шара өткізілді. Оның ішінде 59 –ы кездесу, 10- ы мәдени – көпшілік шара , 41- і акция, 40- ы спорттық шара. Бұған барлығы 8500 жас тартылды.
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда бұқаралық ақпарат құралдары маңызды рөл атқарады. Аудандағы БАҚ-та тұрақты түрде жастар тақырыбына арналған материалдар мен сюжеттер жарияланып тұрады. Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде жастар саясаты саласына қатысты 37 мақала мен сюжеттер жарияланды.
Жастардың жағдайына тиімді талдау жасау мақсатында «Алакөл ауданының жастар төлқұжаты» дайындалған. Ол үнемі жаңартылып отырады. Паспортта жастардың негізгі даму бағыттары бойынша статистикалық көрсеткіштер мен ақпаратты-аналитикалық материалдар көрсетілген. Бұл жастар саласындағы жұмысты жетілдіруге және түйінді мәселелерді шешуге көп көмегін тигізеді.
Осы жылы жастармен бірнеше жұмыс атқару көзделіп отыр. Атап айтар болсақ, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және орналастыру, жастар кәсіпкерлігін дамыту, жастардың бос уақытын ұйымдастыру сияқты ұзақ мерзімді жобалар жүзеге асырылатын болады.
Қорытындылай келе, осы уақытқа дейін Алакөл ауданында мемлекеттік жастар саясаты саласында бірқатар жұмыстар жүргізілгенін атап өткім келеді. Сонымен қатар, біз қоғамдық үдеріске жастарды тарту, оларды өзін-өзі дамытуға ынталандыру және жастарға жайлы жағдай жасау бойынша жұмыстың тиімді әдістерін іздеуді жалғастырудамыз.
Тілек ҚАБЫЛҚАНОВ, Жастар ресурстық орталығының маманы,
«Нұрлы Жастар» ЖҚБ жетекшісі