Туған жердің адам өмірінде алатын орны ерекше. Әрбір адам өз туған жерін жақсы көру керек. Себебі адам ол жерде туып, өсті. Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінеді. Туған жер адам үшін әрқашан ыстық болу қажет. Себебі, сен ол жерде туылдың, қаншама қызықты естеліктер болды, туған ауылың бәрі әрқашанда ыстық. Кейбір адамдар өз туған жерін ұнатпай, ластап, таза ауаны құртып жүреді, ондай адамдарға айтарым өз туған жеріңнен артық жер таба алмайсың. Керісінше біз өз туған жерімізді аялап, таза ұстап жүруіміз қажет. Маған өз туған жерім қатты ыстық, басқа қалалар сияқты болмаса да, өте қымбат, қымбат болып қалады. Себебі мен ол жерде туылдым, туған-туыстарым ұстаздарым мен достарым бар.

Менің туған жерім кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат – Үштөбе қаласы. Әр адамда бала күннен бастап Отанына, туған жеріне сүйіспеншілік пайда болады. Мен осындай мемлекетте, Қазақстанда туылғаныма өте қатты қуаныштымын. Қазақстанда қаншама ұлт өкілдері тату өмір сүріп жатыр. Бұл біздің Қазақстанымыздың қандай жомарт екенін көрсетеді. Қазақстан даласы дарқан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы. Қазақ даласы кең байтақ! Әр адамға өз туған жері әрдайым ыстық. Туған жер, табиғат, оның байлықтары, тілі, дәстүрі тарихи құнды ескерткіштері, киелі жерлері  ешкімді бейтарап қалдыра алмайды. Елін, жерін сүю әркімнің жеке ісі, өз арының ісі. Осы туған жер үшін қаншама ержүрек, батыл ұл-қыздарымыз жаулармен шайқасып, келешек ұрпақ үшін бабаларымыз жандарын қиған. Расында сонау ел басына күн туған заманда ата-бабаларымыз туған жердің топырағын иіскеу үшін айшылық жерден ат арытып келген. Менің айтарым өз жерлеріңді аялап, қадірлеңдер.

Айжұлдыз МІНӘШ,

Б. Римова атындағы МДШО бар ОМГ-ның

 6 сынып оқушысы

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *