Еске алып тойлатайық қазағым,
Ұмыт болған тәуелсіздік ғажабын.
Кешегі күні бодандықта құл болған,
Бүгін міне, тәуелсіз енді қазағым.
Алайда бұл тәуелсіздік келмеді бірден қолға,
Талай қысым салдырды сарсаң жолға.
Шындықты айтып ақындар тұтқындалды,
Ал жастар қыршынынан қиылып кетіп жатты.
Бәрі бұлыңғыр, тас қараңғы көрінбейді,
Әділ, шындық, ақ-қараны түсінбейді.
Қорқып үркіп айналадан қауып сезген,
Надан қазақ басым аман болсын дейді.
Не дегенмен бұндай өмір қауіпті,
Тышқан қашып, мысық қуып жалықты.
Бұқпантайлап, қашып пысып құл болып,
Жүрген қазақ ұзаққа бармай жарылды.
Көтеріліс болды жастар шықты майданға,
Ыза-кекпен еркіндікті қайтаруға.
Сол майданда мерт болған батыр жандар,
Алғыс айтам өшпес мұра қалдырғандар.
Халық жүрегіне өшпес сәуле жандырғандар,
Зар еңіреп жылаған қазаққа араша боп.
Тәуелсіздік байрағын биік ұстатқандар,
Тәңір жар боп бейіштен орын алдыңыздар!
Ботакөз ҮСЕН,
Б. Римова атындағы МДШО бар ОМГ-ның
9 сынып оқушысы