Мен, Айқын Тұрғанбек «Атаға көмек» суретін шыны бетіне салып, оны сазбен жабыстырып, бояуын келтірдім. Атам екеуіміз жаздың ыстық күндерінде бақшада жұмыс жасадық. Сол бір маған ұнаған кезді қағазға түсіргім келді. Атам екеуіміз бақшаны шөптедік. Көшеттердегі зиянды шөптерді жұлып, жақсы өсуі үшін жан-жағын тәпкіледік. Атам маған неге зиян шөтперді жұлу керек, бақша бізге не үшін керек екенін, барлығын түсіндірді. Менің атам аспан, жұлдыз, күн, ауа райы барлығын біледі. Атам менің ең жақсы адам. Бұл суретімді барлығы тамашаласын деп сіздерге ұсынып отырмын.
Айқын ТҰРҒАНБЕК,
Б. Римова атындағы МДШО бар ОМГ-ның
2 сынып оқушысы