Қараша айының 2-жұлдызында халықтық коалиция атынан ұсынылған ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі Қаратал аудандық қоғамдық штаб мүшелері, атап айтсақ А.Байгунысов, И.Жұманов, Н.Рақметқазынов, Ә.Бокбасаров және Н.Несипбаев Жаңаталап орта мектебінің ұжымымен кездесті.
Штаб мүшелері көпшілікті Президентіміздің сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, Жолдауда қамтылған «Жайлы мектеп» жобасына тоқталды. Ата-аналармен өзара пікір алмасып, мектеп тынысына қатысты сауалдарына жауап берді.
Штаб төрағасы Алмас Ажарханұлы өз сөзінде «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы Жолдауында маңызды реформаларға тоқталды. Енді сол міндеттерге әр сала үстірт қарамай нақты шаралар қолданса, Әділетті де, Берекелі қоғам құра аламыз» – деді. Артын ала жиынды қорытындылап, барша жиналған қауымды тарихи таңдау жасауға шақырды.
Балгерім ТҰМАН