Балалар жылы аясында жазушылар Одағының және журналистер Одағының мүшесі, қаламгер Асхат Өмірбаевтың «Ең үздік ертегіші» атты кітабы жарық көрді. Аудандық балалар және №51орта мектебі кітапханашыларының ұйымдастыруымен аталған жаңа кітаптың тұсаукесері өтті. Оған  №51 мектебінің 4-5 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында Асхат Бақытұлының қысқаша өмірбаяны көпшілік назарына бейнеролик арқылы көрсетілді. Артын ала мектеп оқушыларының дайындаған «Кітаппен дос болайық» атты әдеби монтаж  ұсынылды. Асхат Бақытұлы жас жеткіншектермен тілдесіп, білімді болуға талпынып, болашақта қалаған мамандық иелері болуға тілектестік білдірді. Оқушылар да жазушыға сан алуан сұрақтарын қойып, жауап алды. Кездесу  соңында «Кітап – менің әлемім» атты тақырыпта кітап көрмесіне шолу жасалды.

Аудандық балалар кітапханасы

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *