ҚР Президенттігіне Халықтық коалициядан ұсынылған үміткер Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі Жетісу облыстық қоғамдық штабының мүшелері Б.Саятова мен Қ.Көкебаев Қ.Тоқаевтың Жолдауы мен сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Ақтүбек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Қ.Тоқаев өз бағдарламасында әр салада саяси өзгеріс жасауды ұсынып отыр. Мәселен, ауылдық жерлерді дамыту, медицина мен білім саласын өрістету, жастарды жан-жақты қолдау сынды бастамалар бар. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру бастамасының негізінде мемлекеттік қызметшілердің жұмыс істеу сапасын оңтайландыру жайы да назардан тыс қалмаған. Сайлауалды бағдарламада мемлекет қызметкерлері жалынды ұран мен жалаң сөзді жұмысына арқау етпеуі тайға таңба басқандай айтылған.

– Қасым-Жомарт Тоқаев Президент болған сәттен бастап, түрлі салаға реформалар енгізіп, Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын, құқығының қорғалуын, ел экономикасының өркендеуін мақсат ететін тың бастамалардың жүзеге асырылуына ықпал етіп келеді. Өйткені, экономика мен әлеуметтік сала бір-бірінен ажырамайтын, тәуелді егіз ұғым. Бүгінгі таңда түсіндіріліп жатқан сайлауалды бағдарламасы да осыған дейінгі реформалардың жалғасы секілді. Алдағы жеті жылға жоспарланған жұмыстар көпшіліктің көңілінен шығады және Отанымыздың гүлденуіне септігін тигізеді деп сенемін, – дейді облыстық штаб мүшесі Б.Саятова.

Сонымен қатар ел басшысының ұсынып отырған сайлауалды бағдарламасының «Әділетті экономика» қағидасында заңсыз жолмен шығарылған ақшалар елге қайтарылып, халық үшін бәріне бірдей мүмкіндік беретіні жөніндегі тақырыптар қозғалды. Бастысы бұқара халық Әділетті Қазақстанды бірге жасауға уағдаласты.

«AMANAT» партиясы Алакөл аудандық филиалы

 

 

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *