ҚР Президентігіне Халықтық коалициядан ұсынылған үміткер Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын түсіндіру, сарапшылық талқылаулар жүргізу бойынша аудандық штаб мүшелері Б.Бижанова, Н.Қадірсұлтан және Қ.Көкебаев Екпінді ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Штаб мүшесі Н.Қадірсұлтан Президентіміздің сайлауалды бағдарламасына ерекше тоқталды. «Әділетті мемлекет. Әділетті экономика. Әділетті қоғам» қағидаттарына талқылау жүргізіп, тұрғындарға жоспарланған жұмыстар тізбегін айрықша атап өтті. Оның ішінде «Берекелі ауыл» деген бөлімінің ақпараты қамтылып, яғни ауылдық жерлерді дамытудың тұжырымдамасы, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға 1 трлн теңге бөлінетіні жөнінде әңгіме өрбітті.

«Алдағы сайлау – тың өзгерістер кезеңі болмақ. Еліміздің өсіп-өркендеуі, саяси-экономикалық жағдайы, халықтың тұрмыс-тіршілігі, мемлекет пен бұқараның байланысы сынды мәселелер әрқайсымызды алаңдатады. Бірақ үміткерлікте Қ.Тоқаевтың болуы үрейімізді сейілтеді. Себебі 3 жыл көлемінде басшылық еткен Елбасшымыздың салып келген дара жолын көріп жүрміз. Халықпен тығыз қарым-қатынаста екеніне мен де, сіз де куәгерсіз. Егерде әрмен қарай да осы бағыт-бағдарды ұстанып, басшылық еткен Қ.Тоқаевқа қолдау көрсетсек мерейіміз үстем боларына сенімдімін. Сіздерді де алдағы сайлауда болашағымызды сенімді адамның қолына тапсыруға шақырамын» – деп Б.Бижанова кездесуді қорытындылады.

«AMANAT» партиясы Алакөл аудандық филиалы

 

 

 

 

 

 

 

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *