«Біздің басты мақсатымыз – Қазақстанда әділеттілік орнату. Ол үшін өткеннен сабақ алып, қателігін түзеп, қордаланған мәселелерді шешу керек», – дейді Қ.Тоқаев. Міне осы ұстаныммен біз де аудан көлемінде тұрғындарымызға Президенттікке үміткер Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын таныстырып, халықты ақпаратпен қамтамасыз етудеміз.

Осы тақырып аясында Үшарал қаласындағы «Халыққа қызмет көрсету» орталығында аудандық штаб мүшелері С.Қарабеков, Л.Қосантаева және Қ.Көкебаев экспромт-кездесу ұйымдастырды.

Жиын барысында С.Қарабеков сайлауалды бағдарламада ұсынылған «Қуатты Қазақстан үшін» тақырыбына тоқталса, Л.Қосантаева «Лайықты жұмыс және еңбекті қорғау» бөлімі аясында мағлұматтарды тұрғындардың назарына ұсынды.

«Қазақстанда олигархтық капитализмнің заманы өтіп, ел азаматтарының алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін кезең жетті»,- дейді Мемлекет басшысы. Иә, расыменде өзгеретін уақыт жетті. Ендігі көздейтін бағытымыз – даму жолы. Өткеннің қателіктерін түзеп, өсіп-өну үрдісімен алға жылжуымыз керек.

Халыққа жағдай жасалмаған мемлекет құрдымға кетері сөзсіз. Бұндайға жол бермеу үшін мемлекет пен бұқараның арасында орнатылған көпір берік болуы тиіс. Ал бұл жауапкершілікті өз мойныма аламын деушілердің бірі – Қасым-Жомарт Тоқаев екені хақ. Ендігі міндетіміз бірігіп, Ел азаматына дауыс беру. Әділетті мемлекет құруға асыққан Елбасымызды әділ бағалайық!

«AMANAT» партиясы Алакөл аудандық филиалы

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *