ТЕҢ МҮМКІНДІК – ТЕҢ ҚОҒАМ
Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдап, оларға тең мүмкіндік жасау – әр мекеменің міндеті. Осы орайда Алакөл ауданының бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы ерекше қажеттілігі бар жандар арасында «Тең мүмкіндік – тең қоғам» атты аудандық спартакиада ұйымдастырды.
Жарысқа 20 спортшы қатысып, спорттың 6 түрінен (шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы, үстел теннисі, мылтық ату, армрестлинг) бақ сынады. Әр спортшыға сайыстың барлық түріне қатысуға мүмкіндік берілді. Жарыс нәтижесінде: шахматтан 1-орынды Н.Нүсіпбеков, 2-орынды Т.Бекежанов, 3-орынды Т.Жексенбай жеңіп алды. Ал тоғызқұмалақтан 1-орын С.Қасеновке, 2-орын Б.Мұхаметқалиевке , 3-орын Ә.Әбдіғалиге бұйырды. Дойбы ойындарынан 1-орынды К.Жүнісбеков, 2-орынды С.Какенов, 3-орынды Т.Бекежанов иеленді. Үстел теннисінен 1- орынды Б.Базарбаев, 2- орынды С.Какенов, 3-орынды А.Төлеутаев еншіледі. Мылтық атудан 1-орынды А.Төлеутаев, 2-орынды-Т.Бекежанов, 3-орынды Б.Базарбаев қанжығаға байлады. Армрестлингтен 1-орынды- А.Төлеутаев, 2-орынды Е.Айтжанов, 3-орынды Б.Базарбаев иеленді.
«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамнан тыс қалдырмай, осындай шараларға тарту – басты мақсатымыз болды» – деді Алакөл ауданының бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығының басшысы Алмат Садиев.

Асылан МАХАНОВ