- Осы «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
- «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес әскерге шақыруды кейінге қалдыру әскерге шақыру комиссиясының шешімімен беріледі.
- Мемлекеттік қызметті аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) әскерге шақыру комиссиялары арқылы көрсетеді.
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – портал) арқылы осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда біржолғы парольмен куәландырылған сұрау салу жолдайды.
- Құжаттарды портал арқылы берген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішке мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері тіркеледі.
- Қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтер осы қағидаларға 2-қосымшағасәйкес мемлекеттік қызмет көрсету стандартында келтірілген.
- Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетінде” мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді тіркеу және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
- Мемлекеттік қызмет 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
- Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің тізбесі: 1. әскерге шақыру комиссиясының төрағасы – аудан (қала), облыс, республикалық маңызы бар қала және астана жергілікті атқарушы органы басшысының (әкімнің) орынбасары;
- 2. комиссия мүшелері: аудан (қала), облыс, республикалық маңызы бар қала және астана жергілікті әскери басқару органының бастығы; аудан (қала), облыс, республикалық маңызы бар қала және астана ішкі істер органдарының тиісті аумақтық бөлімшесінің өкілі; аудан (қала), облыс, республикалық маңызы бар қала және астана денсаулық сақтау басқармасының тиісті жергілікті басқару органы бастығының (бас дәрігердің) орынбасары – медициналық комиссияның төрағасы.
- Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және орындау үшін әскерге шақыру комиссиясының төрағасына беруді жүзеге асырады.
Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы көрсетілетін қызметті алушының құжаттардың электрондық көшірмелері қоса берілген өтінішін комиссия мүшелерінің қарауына бір жұмыс күні ішінде жолдайды.
Комиссия мүшелері бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттардың электрондық көшірмелері қоса берілген өтінішін қарайды және осы Қағидаларға 2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес әскерге шақыруды кейінге қалдыруды келіседі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы бір жұмыс күні ішінде комиссия мүшелерінің келісу нәтижелерін қарайды және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында әскерге шақыруды кейінге қалдыру туралы қорытынды шығарады не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама береді.
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы қағидаларға 2-қосымшаның9-тармағында көзделген.
- «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
- Әскерге шақыру комиссиясы төрағасының әскерге шақыруды кейінге қалдыру туралы қорытындысы бір жұмыс күні ішінде порталда ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне», сондай-ақ әскерге шақыру комиссиясының хаттамасын толтыру үшін көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері және әскери есепке алу орны бойынша жергілікті әскери басқару органына жолданады.
- Лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Е. ТАҢСЫҚБАЕВ, «Қаратал ауданы әкімі аппараты» ММ-нің ұйымдастыру бөлімінің бас инспекторы