Қараталдықтармен әңгімелесу кезінде РҚШ мүшелері кандидаттың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында көрсетілген өңірлерді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды.
Республикалық қоғамдық штабтың мүшесі Данияр Әлімбаев Қаратал топырағы ұлт бірлігін бейнелейтін қасиетті мекен екенін атап өтті.
«Ұлтымызды ұйыстырған Қаратал жері – елдіктің, бірліктің бастауы. Біз алдымыздағы сайлауда соны тағы бір мәрте дәлелдеуге тиіспіз. Біздің бір тудың астына жиналып, коалиция құруымыз да осының айғағы. Бірлігіміз кез-келген сынақты еңсереді. Алдағы сайлауда да өз бірлігімізді көрсетуіміз керек», – деді Данияр Әлімбаев.
Бұдан кейін, Қазақстандағы жоғары маркалы кремний өндіретін жалғыз зауыт “KazSilicon” ЖШС металлургиялық комбинатына бет бұрды. РҚШ мүшелері металлургтермен Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген өндірістегі еңбек құқықтарын қорғау және өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңғырту мәселелерін талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының толық мәтінімен toqaev2022.kz сайттан танысуға болады.
t.me/toqaev2022



