Санаулы күндерден соң кезектен тыс Президент сайлауы өтетінін барша халық жақсы біледі. Өз басым, ел болашағын айқындайтын маңызды шараға қатысуды азаматтық борышым деп білемін. Мен үшін бұл ел болашағы, ұрпақ келешегі үшін шешім қабылдайтын тарихи сәт. Бүгінде елімізде көптеген ауқымды шаралар қолға алынуда. Жастарға заманауи, жаңашыл бағыттар керек. Олар, яғни біздер, жарқын ел болашағының бір үлесі өзімізге тиесілі екенін түсінеміз. Еліміздегі саналы жас азаматтар осы өзгерістер нәтижесін көру үшін соған лайықты жұмыс та жасауы тиіс. Біз қалағандай өзгерістерге қол жеткіземіз десек, қазір өткізіліп жатқан реформалардың айналасында шоғырлануымыз керек деп санаймын. Алда мемлекетімізді жақсылықтарға жетелейтін тың бастамалар мен жаңа мүмкіндіктер тұр. Сондықтан алдағы саяси науқанға бей-жай қарамай, өз таңдауымызды дұрыс жасауға шақырамын.

Перизат МУХАТ, Көкдала орталау мектебінің психологы

 

 

 

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *