Конкурс нәтижесі бойынша Тлеубаев Айрат Талғатұлы «Қаратал ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-ның басшысы болып тағайындалды.
Ол 1990 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген. 2013 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын құрылыс мамандығы бойынша, 2020 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Сондай ақ, 2022 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, экономика ғылымдарының магистрі атанған.
Еңбек жолын 2014 жылы «Талдыкорганская монтажная фирма – Имсталькон» ЖШС-нің шебері болып бастаған. 2016 жылдан бастап «Қаратал ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-ң инспекторы, жетекші маманы, бас маманы, басшысы қызметтерін атқарған.