Жеке сектор халқының басым бөлігі газ баллондарын пайдаланады. Газ баллондары жарылысының салдарынан болатын оқыс оқиғалар, әсіресе қыс мезгілінде температураның төмендеу салдарынан арта түседі. Күнделікті өмірдегі газды пайдаланудағы қауіпсіздіктің негізгі ережелерін сақтау сіз бен сіздің отбасыңыздың қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Олай болса төмендегі қарапайым қауіпсіздік ережелеріне назар аударыңыздар: баллондарды толтыруды тек мамандандырылған пункттерде ғана жүзеге асырыңыздар; цилиндрді суықтан жылуға әкелмеңіз және жылу көздеріне жақын қоймаңыз; баллонды ауыстырар алдында жаңа және пайдаланылған баллондардың крандары жабық екеніне көз жеткізіңіз; газ құрылғыларын қосу кезектілігінің ережелерін сақтаңыз; тексерілмеген балонды пайдаланбаңыз; ас даярлау барысында газ құрылғысына сұйықтың төгіліп кетпеуін қадағалаңыз. Қыздырғыштарды үнемі тазалап тұрыңыз. Жұмыстың соңында баллонның кранын жабуды ұмытпаңыз. Үй-жайда газдың иісі пайда болған кезде газ беру кранын жабып, тез арада желдету үшін терезелер мен есіктерді ашыңыз. Мұндай жағдайда ашық отты пайдалануға болмайды және электр құрылғыларды мүлдем қоспаңыз. Төтенше жағдай орын алған жағдайда 101 немесе 112 телефондарына қоңырау шалуды ұмытпаңыз.

Р. ҚАЛИҒАЗЫ,

Қаратал аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау лейтенанты

 

 

 

 

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *