Егемендік алған жылдар ішінде қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі әрі оңтайлы өзгерістер орын алып келеді. Соның ішінде, мемлекеттік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалды. Мемлекеттік қызмет жүйесін электронды форматта жетілдіру және оған азаматтардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету үкімет алдында тұрған маңызды стратегиялық міндеттің бірі болып табылады.
Қазақстандықтар үшін Электронды үкіметтің жаңа мобильдік қосымшасы қолжетімді екенін бірі білсе, бірі біле бермейді.Ұялы телефон арқылы 50-ден астам қызмет пен сервисті пайдалануға болады. eGov mobile мобильдік қосымшасы Қазақстан халқын қол созым жерде электрондық үкімет порталының ең танымал қызметтерімен қамтамасыз ету үшін құрастырылған. Қосымша Android пен iOS операциялық жүйесіндегі смартфондар үшін қолжетімді. «Жаңа қосымшада 50 қызмет және «мобильдік жеке кабинет» қолжетімді. Жеке кабинетте әр азамат өзі туралы мемлекеттік деректер қорларында сақталатын дербес мәліметтерін ала алады. «Мобильдік жеке кабинетте» азаматтың орналасқан жері, тұрғылықты және тіркелген мекен-жайы, заңды тұлға құрамына кіру, некеге тұру, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдардың бар-жоқтығы, сонымен қатар қолда бар жылжымайтын мүлік немесе көлік туралы және т.б. ақпараттың орналасқандығын атап айту керек. Егер телефонда электрондық цифрлық қолтаңба бар болса, азамат мекен-жай анықтамасын, жер учаскесінің тиесілігі туралы ақпаратты, туу және некеге тұру туралы, жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқтығы туралы ақпаратты ала алады. Сонымен қатар жаңа қосымша тұрғын үйге кезек реті мен техникалық қараудан өту мерзімін қарау, лицензиялар мен чектерді тексеру, ХҚКО-на кезекке тұру және дәріханаларды іздеу сияқты сервистерді қолдануға мүмкіндік береді.
Х.АБДУМУСЛИМОВА, «Жолбарыс батыр ауылдық округінің әкімі аппараты» ММ-нің бас маманы